Ернар Айдар «Қазақстан» арнасындағы «1001 түн» бағдарламасына сұхбат бере от...
Әншінің қылығын халық жақтырмай қалды
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Отандық эстрада жұлдызы Нұрболат Абдуллин бірнеше қызбен билеп, халық сынына ұшырады, деп жазады madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.
Түлектер кешіне өнер көрсетіп, билеген әншінің қылығын халық жақтырмай қалды.
Өнер иесі қыздармен алма-кезек вальс билеген видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Әншінің жас қыздармен билегеніне адамдар әзіл-шыны аралас түрлі пікір білдіріп жатыр.
"Соңғы видеоға “штраф” келді. Әй, түлектер ғой десем түсінбей жатыр. 300 мың теңге төледім", – деп жазған әнші түбіртектің суретін жариялады.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, айыппұлды әйелінің картасына жібергенін жарыса жазып жатыр.
"Төсек салып қойдым, біздің үйге қоныңыз”, “Қыздарға қызық па екен, әншімен билеген”, ”Бүгін көлікте ұйықтайсыз-ау", "Абайлаш, құрсын белден ұстаған үшін 3 тәулік болып жүрмесін", "Бүгін билеп алыңыз, ертең кешірім сұрап тұрған видео күтеміз", "Сұлтан Сүлеймен боп тұрсыз", “Басқаға емес, әйеліңізге айыппұл төлегеніңіз жақсы болған” деп жазды оқырман қауым.