Өнер иелері бір-бірін құттықтамайтын да болған

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
2669

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Әлішер Кәрімов өнердегі әріптесі Димаш Құдайбергенмен бүгінде неге араласпай кеткенін ашып айтты. Бұған дейін бауырлардай болған әншілердің байланысы не себепті үзілген? Ол Димашпен арақатынасы туралы өз шындығын Асхат Садырбайға берген сұхбатында айтты, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап.

Өнер иелері бүгінде бір-бірлерін тіпті туған күнмен де құттықтамайтын болған.

Кәрімовтың айтуынша, екеуінің байланысы Қытайдағы ән байқауынан кейін өзгеріп кеткен.

"Шынымды айтайын, қазір Димашпен байланыс жоқ. Екі-үш ай бұрын студияда көріп қалдым. Қал-жағдай сұрастық. Екі минуттай сөйлестік. Туған күнмен бір-бірімізді құттықтамаймыз. Бір-бірімізбен хабарласпаймыз. Қытайға дейін болған байланысы басқа, Қытайдан кейін басқа болды. Негі екенін білмеймін. Оның уақыты жоқ шығар. Қазір оған мұның қажеті жоқ шығар. Бір кезде телефон нөмірімен алмасайық деген болатынмын. Бірақ кері байланыс болмаған соң, сол жерден қоя салдым. Мен жалынғанды су қаным сүймейтін адаммын. Оның таңдауы сол болды. Мен әр адамның таңдауына сыйластықпен қарайтын адаммын. Қытайға дейін бауырлар секілді болдық. Хабарласып тұрдық. Ол кезде қатты уайымдады. Қазір ол үлкен әртіс болды. Оның жетістіктеріне қуаныштымын, әркез тілекшімін. Ол осының барлығына лайық", - деді Кәрімов. 

 

Жаңалықтар

Талдықорғанда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам бір күннен кейін өртенген көліктің ішінен өлі табылға...

Жаңалықтар

Қазақстандық 18 жастағы азамат “Қырымға соғысқа барамын” деген хабарламаның салдарынан ш...