Алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Александр Кержаков қызметінен кетті, деп...
“Келіспейміз”: Қазақстан ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегі нәтижесіне қатысты шағым түсірді
Ұлттық олимпиада комитеті телеграм арнасынан
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті 63,5 кг салмақта жұдырықтасқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен грузиялық Лаша Гурули арасындағы жекпе-жек нәтижесін түсіндіруді талап етіп, ресми түрде PBU-ға (Paris boxing Unit) шағым түсірді. Ақпарат ҰОК Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды.
"Қазақстан ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегіне қатысты шағым түсірді. Біз бұл нәтижемен келіспейміз және PBU-дан түсініктіме талап еттік. Бұдан ХОК та хабардар. Біздің ойымызша, қазақстандық боксшы 2024 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына жолдама беретін маңызды кездесуде жеңіске жетті. Өткен жекпе-жектің нәтижесін қайта қарау мүмкін емес екенін де түсінеміз. Алайда біз ірі халықаралық жарыстағы төрелік әділ әрі таза болғанын қалаймыз", - деді Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Жанар Өтешова.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ҰОК қазақстандық боксшылардың жекпе-жегінде төрелік еткен жекелеген төрешілерге қатысты PBU-ға ескерту жасады. Қазіргі таңда ескерту қабылданып, зерттеу жүргізіліп жатыр.