«ТҮРКІСТАН – ЕР ТҮРІКТІҢ БЕСІГІ ҒОЙ!» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУДЫҢ ШАРТ...
Мопед айдаймын десеңіз, міндетті түрде тіркеуіңіз қажет
Фото: Астана телеарнасы
Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды madeniportal.kz Halyq Uniтілшісіне сілтеме жасап.
Заң Қылмыстық кодекске және «Жол жүрісі туралы» және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Қылмыстық кодекске мопедтерді «басқа механикалық көлік құралдары» ұғымына жатқызуға қатысты түзету ұсынылады. Осылайша,«Жол жүрісі туралы» заңға мынадай түзетулер енгізіледі:
- «Орташа жүру жылдамдығы» ұғымы енгізіледі және оны есептеу тәртібі көзделеді (көлік құралы жүріп өткен халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар учаскесінің ұзындығын осы қашықтықты жүріп өткен уақыт аралығына бөлу арқылы айқындалады);
- Осы ұғымды енгізу сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптары орнатылған жолдың барлық учаскесінде жүргізушілердің жылдамдығын төмендетуге, сондай-ақ жылдамдық режимін асыру салдарынан болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді.
- «Орташа жүру жылдамдығын» көрсетілген аспаптар мен құралдар автоматты түрде айналма жолдар жоқ жолдардың қала сыртындағы және түзу сызықты учаскелерінде ғана есептейді.
- «Орташа жүру жылдамдығын» өлшеу кезінде құқық бұзушылықты тіркеу уақыты мен орны қолданыстағы құқық қолдану практикасына ұқсастық бойынша камералар арқылы анықталады.
2. Мопедтерді міндетті мемлекеттік тіркеу енгізіледі.
- Қолданыстағы норма бойынша ең жоғары конструктивті жылдамдығы сағатына 50 километрден асатын мопедтер тіркеуге жатады. Ал қаралып отырған заңға сәйкес барлық мопед тіркеуге жатады (қозғалтқышының көлемі 50 текше сантиметрден аспайтын не электр қозғалтқышпен жабдықталған және ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 50 километрден аспайтын);
- Мопедті басқару құқығы «А1» кіші санатындағы жүргізуші куәлігімен расталады, ал «А» және «В» санаттарының болуы да мопедті басқару құқығын растайды деген норма көзделеді;
3. Қолданыстағы хабарлама тәртібінің орнына техникалық қарап-тексеру операторы қызметіне арналған рұқсат беру тәртібін енгізіледі.
Мопедтерді мемлекеттік тіркеуге, техникалық қарап-тексеру операторлары қызметінің рұқсат беру тәртібіне көшуіне қатысты нормалар заң алғаш ресми жарияланған күннен кейін 6 ай өткен соңқолданысқа енгізіледі.