Бүгін жазушы Тұрсын Жұртбайдың туған күні

Фото: massaget.kz

ҚАЛАМГЕР
238

Бүгін жазушы, абайтанушы Тұрсын Жұртбайдың туған күні. Қаламгер 73 жасқа толып отыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай – 1951 жылы 15 тамызда Шаған, Абай ауданы, Абай облысында дүниеге келген.  Ол жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы.

1974-1990 жылдары «Жетісу» газетінде, «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында қызмет істеді.

1990-1998 жылдары М.Әуезов мұражайында ғылыми қызметкер, бөлім бастығы, директор.

1998- 2001 жылдары докторант, ҚазҰУ-да оқытушы.

2001 жылдан «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры.

Тұрсын Құдакелдіұлының «Абай шыңы – Мұхтар шыңы» атты алғашқы шығармасы 1966 жылы мектеп оқушыларының республикалық байқауында бәйгеге ие болып, он бес жасында баспасөзде жарияланды. Содан бері ол қазақ сөз өнерінің барлық жанрында қалам тартып, өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды. Оның шығармашылық жолы ақын ретінде басталды. Оның алғашқы өлеңдері он алты жасында республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде О.Бөкеевтің «Тұсаукесерімен» жарық көрді. «Қоңыр қаз», «Жүрегімде – жұмыр жер» атты жыр жинақтары кезінде әдеби сыннан жақсы бағасын алды. Проза саласындағы алғашқы туындылары «Бесқарагер» мен «Аэродром» хикаяттары жастарға арналған республикалық конкурста бірінші, екінші бәйгеге ие болды. Оның «Мөлдір көз», «Көгілдір әлем», «Шилі өзен қамыс-ай», «Қар астындағы көбелек», «Ұш, маған, ұш балалығым», «Қалампыр» сияқты прозалық шығармалары лирикалық сыршылдығымен, соны түрлік ізденісімен, философиялық ой иірімдерімен ерекшеленді. «Бір уыс жусан», «Болашақтың бәйтерегі», «Түйешінің қызы» әңгімелерінде өмір мен өлімнің мәнін толғайтын жалған мен фанидің жік арасындағы мәңгілік аңсарлы сағыныш суреттелген.

Т.Жұртбай өзінің «Ұраным – Алаш!..» атты 3 томдық (2008-2011) іргелі зерттеу еңбегі мен «Алаш ақиықтары» атты сирек деректер жинағының негізінде біртұтас алаш идеясының тұжырымдамасын жасады. 

Абайтанушы, алаштанушы, Тұрсын Жұртбай атамызды төл мерекесімен құттықтаймыз! 

Қылмыс

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының қараусыз қалған ғимаратынан сәбидің денесі табылды,...

Шоу-бизнес

Танымал айтыскер ақын, қазіргі уақытта әлеуметтік желіде коуч-психолог ретінде танымал Айнұр Тұрсынб...