"Алтын белгі" иегерлерінің 15 пайызы білім грантын ала алмаған

https: tengrinews.kz

Білім
154

Биылғы жылы мыңға жуық "Алтын белгі" иегері грант ала алмаған, деп хабарлайды madeniportal.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, "Алтын белгі" иегерлерінің 15 пайызы ЖОО-да оқу үшін білім грантын ала алмаған.

"2024 жылы "Алтын белгі" иегерлерінен 6 403 өтініш қабылданып, оның ішінде 5 419 адам немесе 85 пайызы білім грантына ие болды", – делінген хабарламада.

Министрлік республикалық бюджет қаражаты есебінен бакалавр дәрежесін беретін білім беру гранттары ҰБТ нәтижелеріне сәйкес конкурстық негізде берілетінін атап өтті.

"Барлық гранттар ҰБТ нәтижелері бойынша конкурстық негізде беріледі. Ал "Алтын белгі" иегерлері тек ұпай саны тең болған жағдайда ғана басым құқыққа ие болады", – делінген министрлік хабарламасында. 

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...