Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
174

Cиноптиктер ертең, 25 қарашада еліміздің он екі облысында ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп болжанды. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады. Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Ұлытау облысының шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с болады. Ақмола облысының батысында тұман түсуі ықтимал. Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде және таңертең облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с болады.Қарағанды облысының солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығыста екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Жаңалықтар

Үндістанда 25 жастағы ер адам өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz...

Жаңалықтар

“Көреміз” бағдарламасының журналисті Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасына виде...