1 қыркүйекте баласын мектепке апарған отандық жұлдыздар кімдер

Нұрболат Абдуллиннің инстаграм парақшасы

Жаңалықтар
1151

Нұрболат Абдуллин Әнші Нұрболат Абдуллиннің қызы оқушылар қатарын толықтырып, алғаш рет мектепке барды. Жұлдызды әкесі оған қолдау білдіріп қана қоймай, мерекелік жиында сыныптастарының алдында ән шырқаған. "Қазақ мектебіне +1 ата-ана. Сен маған сеңгеніңдей, мен де саған сенемін, құлыным. Қадамың құтты, тәртібің мықты, жүрегің рухты болсын. Сенімен елің мақтансын", - деп жазды өнер иесі.

Аша Матай Биыл Арман Қоңырбаев пен Аша Матайдың қызы екінші сыныпқа барды. Ерлі-зайыпты тұңғышы Асылымды қолдап, мектептің ұйымдастырған шарасына қатысқан.

Айнұр Ілиясова Танымал актриса Айнұр Ілиясованың да қызы екінші сынып оқушысы атанды. Өнер иесінің перзенті Аша Матайдың қызымен бір мектепте оқиды.

Әбдіжаппар Әлқожа Әбдіжаппар Әлқожа да өнердегі әріптестерінен қалыспай, 1 қыркүйек күні ұлының мектебіне арнайы барған.

Жаңалықтар

Абай облысында әскери қызметкерді өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты. Үржар аудандық қорғаныс істері...

Жаңалықтар

Биліктегі «Грузин арманы – демократиялық Грузия» партиясының кандидаты, парламен...