ТЖМ құтқарушыларының қатарына белгілі қазақстандық спортшы Артем Резников қосылды, деп хабарлайды ma...
«Пакетке басын салып алған»: Алматыда ер адам бастығын балғамен ұрып өлтірген
Yourself
Жетісу облысында 55 жастағы ер адам бастығын балғамен ұрып өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған.
Патрульдік полиция қызметкерлері ақпан айында Қаратал ауданы Бастөбе ауылында пакетке адам басын салып алған мопед жүргізушісін ұстады. Ол 55 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты. Ер адам жұмыс берушісін өлтіргенін мойындаған..
Олар ішімдік ішіп, жиында отырған. Сол кезде ер адам бастығын балғамен ұрып өлтіріп, мәйітті асхана пышағымен бөлшектеп, зиратқа апарғысы келген. Оның жалға алған үйін тінту кезінде марқұмның бірнеше сөмкеге салынған денесінің бөліктері табылды. Марқұм 50 жаста болған.
«Полицейлер қыста мопедпен пакет арқалап жүрген ер адамға күдікпен қарап, оны тінтіген. Соның арқасында қылмыскерді ұстады. Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен айыпталушы 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Соттың үкімі заңды күшіне енді.