Ұлытау облысында ірі су айдындары тексерілуде

Жаңалықтар
897

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің басшылары облысты дамытудың кешенді жоспарының орындалу барысын тексеру мақсатында арнайы жұмыс сапарымен Ұлытау облысына келді. 

Олар Ұлытау облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Бәрекеновпен және жауапты мамандармен бірге осы су нысанын тексеру мақсатында негізгі су көзі саналатын Кеңгір су қоймасында болды.

Сапар барысында А.Бәрекенов су пайдаланушы құжаттарының заңдылығын тексеруді, сондай-ақ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-мен бірлесіп, су қойманың түбін тазарту, гидротехникалық құрылыстардың жағдайын жақсарту жолдарын қарастыруды тапсырды.

Бүгінгі күні су қоймаға шамамен 20 млн текше метр су келді. Алдағы уақытта тау бөктерінің қар сулары келіп, Кеңгірдің суға толуы күтілуде.


Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...