Әлеуметтік желіде 14 жастағы қыздың өлімі туралы ақпарат пайда болды. Жантүршігерлік оқиға туралы Өт...
Астанада тегін донер таратылады деген жарнамаға 4 мың адам жиналған
Видеодан скрин
Астанада жаңадан ашылған кафеге блогер Олжасхан (Олжас Қайрат) жарнама жасап, 1000 донер тегін таратылатыны туралы хабарлаған. Алайда, 4 мыңнан астам адам жиналған. Тіпті жиналған жұрттың кесірінен қозғалыс шектелшен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Адам көп жиналғандықтан, оқиғаны реттеуге тәртіп полиция араласқан. Себебі, жиналған жұрттың көптігіне байланысты, 4 көшедегі қозғалыс шектелген. Блогердің жарнамасына жиналған адамдарға донер емес, талон таратылған. Кейін блогердің өзі оқырманын кешірім сұрады.
"Осылай болып кетеді деп ойламадық. Бұл жоспардан тыс болды. Мен үшін келгендіктен, барлығына шығып суретке түскім келді. Алайда, маған рұқсат бермеді. Кешірім сұраймын", – деді Олжас Қайрат.
Болған жағдайға қатысты полиция департаменті де түсініктеме берді.
"25 қыркүйекте мекеменің ашылуы мен донерге жеңілдікпен талон тарату кезінде көп адам жиналды. Есіл ауданының полициясы мен әкімдік қызметкерлері жағдайды реттеу және қысымның алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдады. Полиция қызметкерлері ұйымдастырушылардың тұлғасын анықтап, жеке кәсіп иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.