Анасы қонақта, әкесі түрмеде. Жітіқарадағы 5 баланың өліміне қатысты тың дерек

Фото: massaget.kz

Жаңалықтар
398

Жітіқарадағы бес баланың өліміне қатысты тың дерек шықты, – деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Несібелі Бәсенова қайғылы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, балалар аз қамтылған отбасында өскен. 

"Отбасы аз қамтылған және әлеуметтік көмек: АӘК, жәрдемақы, алимент алып келген. Мектеп жалпыға бірдей білім беру қорынан қолдау көрсетіп, тегін тамақтандырған. Алдын ала мәлімет бойынша балалардың анасы достарымен бірге болған, күйеуі бас бостандығынан айырылған", – деді ол.

Несібелі Бәсенова қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, құзырлы орган өкілдерімен, білім беру бөлімінің өкілдерімен бірге қайғылы оқиға орнында жүргенін айтты.

"Психологтар туыстарына қолдау көрсетіп жатыр", – деп жазды ол.

Ал Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов отбасына көмек берілетінін айтты.

"Бүгін не ертең барлық қажетті құрал-жабдығы бар тұрғын үй сатып алынады. Біз мұны бір-екі күнде бітіреміз", – деді ол.

Еске салайық, 11 қазанда Қостанай облысында өрт шығып, бес бала мерт болды.

Үйде 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған балалар болған. 2011 жылғы бала аман қалған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бақылауына алынды. 

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...