Тәрбиеші 4 жасар баланың басынан темір орындықпен ұрған (ВИДЕО)

Фото желі кадрларынан

Қылмыс
155

Астанада балабақшада төрт жасар баланың басы зақымдалып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлады madeniportal.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

Деректерге сүйенсек, оның басынан өзге тәрбиеленуші бүлдіршін орындықпен ұрған. Алайда баланың анасы кейін бейнебақылаудан тәрбиешінің дөрекі қарым-қатынасын көріп, наразылығын білдірді.

Оқиға «Медина» балабақшасында болған. Сәбидің анасының айтуынша, ол 24 қыркүйекте таңертең ұлын балабақшаға апарған. Ал 9:41-де бала басын ұрып алғанын айтып, тәрбиеші хабарласқан.

Анасы балабақшаға барып, ұлының басындағы ашық жарақатты көріп, шошып кеткен. 10-15 минуттан кейін жедел жәрдем келіп, баланы ауруханаға жеткізіп, тігістер салған.

Кейін ұлдың анасы бейнебақылау камераларынан қарауды талап еткен. Онда басқа тәрбиеленушінің баланы басынан темір орындықпен ұрып жатқаны көрсетілген. Бұдан соң әйел видеодан тәрбиешілердің дөрекі және қатыгез қарым-қатынасын да көргенін атап өтті.

Балабақша өкілдері оқиғадан соң ақшалай көмек ұсынып, кешірім сұраған. Бірақ анасы кінәлілердің жауапқа тартылғанын қалайтынын айтады. Ол материалдық көмектен бас тартқан. Сондай-ақ соққының салдары ұлының денсаулығына әсер етуі мүмкін екенін жеткізді. Себебі бала бұған дейін сөйлемей, тек ым-ишарамен түсіндіріп жүрген.

Келесі күні баланың атасы тәрбиешілерге ашуланған. Ал баланың інісін балабақшадан шығарып алды деген болжам бар.

«Бүгінде балабақша тәрбиешісі Еңбек кодексінің 49-бабына сәйкес, 25 қыркүйектен бастап жұмыстан шығарылды», – деп түсіндірді ведомство.

Жаңалықтар

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы жаңа кітапханалар туралы ақпарат берді, деп хабарлайды madenipo...

Жаңалықтар

ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары суицид жасамақ болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды madeniportal.k...