10 жастағы балаларды тепкілеген

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Қылмыс
599

Ер адамның балаға күш көрсетіп жатқан видеосы “Не молчи” Instagram парақшасында жарияланды. Оқиға 23 шілде күні сағат 16:36 шамасында болған, деп жазады madeniportal.kz тілшісі aikyn.kz сілтеме жасап.

“Ол жан-жағында адамның жоқ екеніне көз жеткізіп, өзінен-өзі 10 жастағы балаларды ұрып, тепкілеген”, – делінген желідегі жазбада.

Парақша жазбаның астына Алматы қаласының полициясын белгілеп, болған жағдайға пікір білдіруін сұрады.

“Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция ер адамның кім екенін анықтап, бөлімшеге жеткізді”, – деп жауап берген полиция департаменті.

Ведомство ер адамның бұл әрекетіне құқықтық баға берілгенін мәлімдеді. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтар

Абай облысында әскери қызметкерді өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты. Үржар аудандық қорғаныс істері...

Жаңалықтар

Биліктегі «Грузин арманы – демократиялық Грузия» партиясының кандидаты, парламен...