Астаналықтар ХХ ғасырдағы камералық музыканы тыңдады

Жаңалықтар
593

Еліміздің танымал музыканттары «Астана-Опера» театрының сахнасында симфониялық концерт өткізді. 

Өнерпаздар ХХ ғасырдың сүйікті композиторлары Хабиболла Сетеков, Арнольд Шёнберг, Дмитрий Шостаковичтің шығармаларын орындап, тыңдармандарын тәнті етті. Сахнада скрипкашы Бағдат Әбілханов, Курванжан Ахатов, Динара Сартай, Қаламқас Жұмабаева сынды әртістер өнер көрсетті. 

Бағдат Әбілханов, «Астана-Опера» театры симфониялық оркестрінің солисі:

 - Қала тұрғындары мен қонақтары біздің концертті 15 күн бойы тамашалай алады. Біз Сетеков пен Шостаковичтің квартеттерін орындап жатырмыз. Шынын айтсам, Шостаковичтің туындыларын ойнамағанымызға 20 жыл болды. Сол себепті біз танымал композитордың музыкасын бұрынғыдан өзгеше реңмен орындауды жөн көрдік. Тыңдармандарымызға ұнады деген сенімдеміз.

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...