2025 жылдан бастап қазақстандықтар шенеуніктердің дүние-мүлкін көре алады

ашық дереккөзден алынған

Жаңалықтар
331

2025 жылдан бастап қазақстандықтар саяси мемлекеттік қызметкерлер тапсырған декларацияны көре алады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, саяси мемлекеттік қызметкерлердің мүлкін көрсетуі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңмен реттеледі.

«Заңның 11-бабына сәйкес, жекелеген саяси мемлекеттік қызметшілер үшін декларацияның ашықтығы көзделген. Яғни олар келесі жылдан бастап декларациясын ашық жариялайды», - деді Біржанов мәжіліс кулуарында.

2025 жылдан бастап декларациясын ашық көрсететін саяси мемлекеттік қызметкерлерге мыналар кіреді:

  • саяси мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары;
  • "А" корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары;
  • Парламент депутаттары мен олардың жұбайлары;
  • Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл;
  • Қазақстан Республикасының судьялары мен олардың жұбайлары;
  • квазимемлекеттік секторда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар мен олардың жұбайлары.

Жаңалықтар

2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі т...

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...