Күні кеше жарық дүниемен қоштасқан белгілі ақын Құрманай Бақтиярқызы туралы әнші Жеңіс Ысқақова соңғ...
«Біреудің қайғысынан хайп жасамаймын»: Блогер Нұрдәулет оқырмандарына үндеу жасады
Сурет ашық дереккөзден алынды
513
Әлеуметтік желіде бес миллионнан асатын оқырманы бар блогер Нұрдәулет оқырмандарына үндеу айтты, деп хабарлады madeniportal.kz.
Танымал блогер желі қолданушыларына соңғы жаңалықтарға байланысты ақпаратты дұрыс сүзгіден өткізіп барып қабылдауды сұрады.
«Қасқыр, арыстан, жолбарыс ең қауіпті аң емес, ең қауіптісі балық, үйрек, қаз , - депті бір құрт өзінің балаларына. Сондықтан айтарым, кез келген ақпаратты сүзгіден өткізіп барып қабылдау керек. Біреу жамандап, біреуді мақтамас бұрын он рет ойланыңыз. Өзім де блогермін, жақсы білемін хайп жасауды. Алайда мен біреудің қайғысынан хайп жасамаймын», - деді блогер Нұрдәулет Instagram желісіндегі сторисінде.