Жазира Байырбекова мәһр мәселесіне тоқталды

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
660

Танымал әнші Жазира Байырбекова қоғамда кеңінен талқыланып жүрген мәһр мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі inbusiness.kz сілтеме жасап.

"Мәһр" сұраған сіздерше жақсы көріне ма?
Жігіт сыйлықты өз қалауымен алып берсе әдемі емес пе, мәжбүрлемей.
Өзім күйеуімнен ештеңе сұрап көрмеген соң көзім үйренбеген бе білмейм.
Оның үстіне "ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседі" деген сөз бар еді. Ортаға молданы салып, дүние сұрайтын біздің салт-дәстүрімізде болған ба?
Мәһр сұрағандар мен сұрамағандардың отбасына әсері, айырмашылығы қандай жазыңыздаршы. Біле жүрейік.
Мәһрді қолдайтындарыңыз "1" санын
Қолдамайтындарыңыз "2" санын жазып өтіңіздер!" - деп жазды ол. 

Осы тұста Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

"Мәһрсіз мәңгі жаныңда болғанға не жетсін. Мәһрдің мағынасын түсінбей сұрай береді. Мәһр деген жолдасың қайтыс болса, бала-шаға аш қалмауы үшін сұралатын мүлік. Жаугершілік заман емес, тыныш заманда жолдасыңмен мәңгі бірге болған жақсы", "Мәһр деген болмаған қазақтың дәстүрінде, бұл өзге елден келген", "Мәһр шариғат заңы. Орнымен сұраса, әдемі жоралғы" - деп жазды олар.

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...

Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында зорлау туралы көрінеу жалған хабарлау оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ma...