Алматы тауларында 2 жасөспірім жоғалып кетті

Фото: freepik

Жаңалықтар
88

Алматы облысында Фурманов шыңына бет алған екі жасөспірім адасып кеткен, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Құтқарушылар оларды құтқару лашығынан тапты. ТЖМ құтқарушылары жас туристерді таудан түсірген.

“Алматы облысында 17 жастағы екі жасөспірім биіктігі 3050 метр болатын Фурманов шыңына көтеріліп, адасып қалған. Ұялы телефон арқылы 112 нөміріне қоңырау шалып көмек сұрады. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы мен Алматы қаласының құтқару қызметінің қызметкерлері адасып кеткендерді "Панорама" шыңындағы құтқару лашығынан тапты", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар жас туристерді қауіпсіз жерге түсіріп, кейін оларды ата-аналарына тапсырған.

Жаңалықтар

Тель-Авивтің солтүстігіндегі Глилот ауданында жүк көлігі автобус аялдамасына соғылды, деп хабарлайды...

Жаңалықтар

Аты аңызға айналған музыкант, ақын және актер Виктор Цойдың жұмысы рекордтық 76 972 еуроға (40 527 2...