Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, театр сыншысы, проф...
Қатерлі ісікке шалдыққан Мұрат Бисенбин төсбелгімен марапатталды (ВИДЕО)
Сурет ашық дереккөзден алынды
Алматыда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері еліміздің танымал актерлері Мұрат Бейсенбин және Марат Абдуллаевтармен кездесті, деп хабарлады madeniportal.kz.
Бұл шараға Алматыға іс-сарпармен келген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары, Халық қаһарманы генерал-майор Қайрат Үмбетов те қатысты.
Бүгін де осындай жарқын жүздесу болып, әскери қызметшілер мен өнер адамдарының арасында сүбелі сұхбат болды. Кездесуге келген Мұрат Бисенбин Қазақстан ғана емес, алыс-жақын шетелдермен бірлесіп түсірілген оннан астам кинокартиналарда ойнаған. Оның танымалдылығы «Рэкетир» фильміне түскен соң, арта бастаған. Бұдан бөлек актер «Махамбеттің қылышы», «Гүлстан», «Әркім Голгофқа шыға алады» хикаясында және тағы басқа көптеген фильмдерде ойнаған. Сондай-ақ, кездесуге келген келесі актер Марат Абдуллаев «Захар Бүркіт», «Тараз», «Қазақ хандығы», «Бауыржан Момышұлы» туындыларында шебер ойынымен танылған.
Экрандағы ер тұлғасымен көрерменді тәнті етіп жүрген актерлермен жүзбе-жүз кездесу әскери қызметшілер үшін ерекше жағдай болды.
Әңгіме барысында актер Мұрат Бисенбин: «1995 жылы Отан алдындағы борышымды Ақтөбе қаласындағы Ішкі әскердің әскери бөлімінде өтедім. Мен жедел мақсаттағы батальонда қызмет еттім. Ішкі әскер қазіргі Ұлттық ұлан ғой. Сіздердің атқаратын міндеттеріңізді жақсы білемін», - деді. Актерлер әңгіме соңында әскерилердің қызметіне алғыс білдіріп, сарқылмас күш-қуат тіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары, Халық қаһарманы генерал-майор Қайрат Үмбетов өнер адамдарының жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру ісіне қосып жатқан үлестеріне алғыс білдіріп, Мұрат Бисенбинге және Марат Абдуллаевқа Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы атынан «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» кеуде белгілерін табыс етті.