Ақмола гарнизоны әскери сотында қорғаныс министрлігіне қарасты №31775 әскери бөлімі миномет батареяс...
Алматыда ҰҚК жасырын қылмыс жасағандарды ұстады
Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
105
8 қарашада ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіріне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады madeniportal.kz.
Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
Психотроптық затты дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
Тінту барысында 7 кг астам дайын және 30 литр «мефедрон» сұйық психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар алынды.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.