Шымкентте бір топ жігіт досын гейлер тобына қосылғаны үшін ұрып, азаптаған

Фото: basnews.kz

Қылмыс
225

Шымкентте төрт жігіт досын "Гей Шымкент" тобына қосылғаны үшін ұрып, ақша сұрап бопсалаған, деп хабарлайды madeniportal.kz

Олар досының аталған топтың мүшесі екенін білгеннен кейін, оған аяусыз әрекет жасаған.

"Шымкентте бір топ жігіт досының "Гей Шымкент" тобының мүшесі екенін біліп, оны шақырып, аяусыз азаптаған. Олар пәтер жалдап, "досын" сол жерге шақырып, иығына ыстық үтікті басқан. Сондай-ақ қолын, аяғын орындықпен және басқа да заттармен ұрып-соғып, азаптаған.  Қорқытып, “педофилия жасадым” деген сөзді айтқызып, видеоға түсіріп, 500 мың теңге бопсалаған", – делінген хабарламада. 

Жәбірленуші қажетті соманы төлеуге уәде берген. Босап шыққан соң полицияға хабарлаған. 

"Нәтижесінде сот айыпталушының бұрынғы соттылығын ескере отырып, ең белсенді екі қатысушыны төрт жарым және үш жарым жылға бас бостандығынан айырды. Қалған екі сыбайлас үш жыл мерзімге пробациялық бақылауға алынды", – делінген хабарламада. 

Жаңалықтар

Түркістан облысы Келес ауданындағы N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі...

Жаңалықтар

Қостанай облысында зауыт жұмысшысы зауыттағы бетон араластырғышқа құлап, қайтыс болды, деп хабарла...