Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болатыны белгілі болды

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
137

Алдағы үш тәулікте еліміздің батысында солтүстік-батыс пен солтүстікте ауа райы нашарлайды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік облыстарына солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Осыған байланысты еліміздің батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, солтүстік-батыс пен солтүстікте қар жауып, бұрқасын болады. Республиканың қалған бөлігінде ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-25 м/с-ке дейін жетеді. Қазақстанның батысында ауа температурасы күндіз -2...+10 градус жылы, солтүстік-батыста -5...+5 градусқа дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта -5...+2 градусқа дейін жылы, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста -5...+15 градус болады деп болжанып отыр.

Жаңалықтар

Қазақстандық самбошы Анар Сейтімова антидопинг ережелерін бұзғаны үшін үш жылға дисквалификация алды...

Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік марапаттар 9 құрметті атақпен толығатыныг мәлімдеді, деп х...