Қатты күйзеліс": Мандатынан айырылған депутаттың қызы әкесі туралы айтты

Alash.kz

Жаңалықтар
492

Бірнеше рет харассмент жасады деген айыппен мандатынан айырылған экс депутат Асқар Садықовтың қызы, әнші Dequine пікір білдірді, деп жазады Alash.KZ.

Айта кетейік, әнші Dequine мәжіліс депутаты болған Асқар Садықтың қызы.

“Соңғы күндері жаңалықты естіп жатқан шығарсыздар?! Менің әкем Асқар Садық жұмысынан қудалауға ұшырады. Жұрт алдында айыптап, қызметінен босатты. Мен де бұл жағдайға қатты таңғалдым. Шынымды айтсам, не дерімді білмеймін. Мұндай жағдайда не істерімді, кімге сенетінімді және қалай әрекет ету керегін білмеймін. Өмір мені бұған дайындаған жоқ еді. Қудалау мен қаралауды басынан өткеріп жатқан адам үшін бұл оқиға – қатты күйзеліс”, – деді әнші.

Одан кейін өнер иесі зорлық-зомбылыққа қатысты ойы еш өзгеріссіз қалатынын жасырмады.

“Бұл жағдай менің өмірімдегі екі басты құндылыққа әсер етті: менің отбасым және әйел құқығы. Мен бірнеше жыл бұрын қудалау мен зорлық-зомбылықтың барлық түріне қарсы шығатынымды айттым. Әлі де сол пікірде қаламын. Мен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсымын. Қиын кезеңде мені қолдап, жанашырлық танытқандардың барлығына рақмет. Сіздердің қолдауларыңыз мен үшін қымбат”, – деп алғыс білдірді Данеля Садық.

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...