Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова ұлы Әнуардың туған күнін ерекше атап өтті. Мереке...
«Іштей тынып тұрамын»: Ерке Есмахан оқырмандарына өкпесін айтты
Сурет ашық дереккөзден алынды
497
Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандарына ренішін айтты, деп хабарлады madeniportal.kz.
Әнші желідегі пікірлерге көңілі толмағанын айтты. Желі қолданушысының пікірі әншінің ашуына тиді. Ерке Есмахан негатив пікір жазған оқырманының бейнесін көпшілікке жария етті.
«Менде жүрек жоқ деп ойлап,сонша мені көре алмай, ішіндегі уларын шашып, лас сөздерін жазатын адамдарды Аллаға тапсырдым. Әр қиындықты, ауыр сөзді, мазақ күліп қарсы алып, сабырлықпен жеңгеніммен, іштей суып, тынып тұратынымды біле жүріңіздер», - деді Ерке Есмахан.