Полиция бір аптада жеті көлікке ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды madeniportal.kz&nbs...
Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болатыны айтылды
Фото: freepik.com
Мамандар 23-25 қараша аралығындағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
"Қазгидромет" РМК баспасөз Мамандардың айтуынша, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына Сібір антициклоны әсер етеді. Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, жел күшеюі мүмкін, таулы аймақтарда көктайғақ болады деп болжанды.
Республиканың барлық аумағында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде -10..-18 градус аяз, республиканың қиыр шығысында -23 градусқа дейін аяз болады.