Маусым айының басында “Қарасора” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды,...
Президент екінші рет үйленген бе? Кімге?
11595
Дәурен Абаев Хабар телеарнасына берген сұхбатында ҚР президентінің жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Министр Тоқаевтың ажырасқанын растап, ал екінші рет үйленбегенін айтты.
"Жұрттың айтып жүргені неке сақинасы емес, Қасым-Жомарт Кемелұлының мерейтойына жасалған сыйлық. Президенттің екінші әйелі жоқ", - деді Ақпарат министрі.
Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқаевтың ажырасқаны туралы ресми ақпарат жарияланған болатын. Бірақ кейін президенттің неке жүзігімен түскен фотолары қызу талқыланған еді.