Қазақ әдебиетінің қайталанбас тұлғасы, ұлт әдебиетін әлемдік деңгейге көтерген қаламгер Бердіб...
9 жастағы қыздың әскерге кеткен ағасымен қоштауы елдің жүрегін елжіретті
Фото: Видеодан алынған кадр
TikTok-та 9 жасар қыз әскерге кетіп бара жатқан ағасымен қоштасу сәтін жариялады. Ағасының қолына сырты жүрекшемен безендірілген хатын ұстатты, деп хабарлайды madeniportal.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Видеодан аға мен қарындас арасындағы ерекше қимастық сезімін көруге болады. Желі қолданушылары бұл көріністен қатты әсерленіп, түрлі пікір жазды.
“Жаным, әбден жылаттың ғой”, “Дәл осы құраммен аман-есен үйге оралыңдар!”, “Жаным, ботам, жүрегіңнен. Ағасы аман-есен әскерден оралсын”, “Таң атпай бір жылап алдым ғой”, “Бұйырса қайтып келген кезіңді көрейік”, “Бауыр деп соққан ақ жүрегіңнен. Жанашыр болған түріңнен. Аман-есен оралып, қарындасыңның қорғаны болуыға тілектеспін,” “Алла ағаңа аман қауышуды жазсын”, “Жаным періштем”,- деп жазды қолданушылар.