«Елорда – өнер өлкесі» театр фестивалі «Жібек» мюзиклімен ашылды

ЖАҢАЛЫҚТАР
3464

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен елорда күніне орай ұйымдастырылған «Елорда – өнер өлкесі» атты театрлардың шығармашылық кездесуінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырып жатқан алғашқы театр фестивалінде елімізбен қатар Өзбекстан мен Қырғыз Республикасының өнер ошақтары таңдаулы қойылымдарын сахналайды.

Фестиваль тұсаукесерінде «Жібек» мюзиклі қойылды. Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласының əкімі Алтай Көлгінов, Қазақстан театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов қатысты.

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен рес...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда ер адам адам зейнеткерді өлтірген соң қашамын деп полиция ғимаратына барып тығылған, деп хаб...