Қазақстандық туристер Таиландтағы қонақүйден құпия есік тауып алды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
147

Әлеуметтік желіде Тайландқа демалысқа барған қазақстандық жұп қонақүйде тосын жағдайға тап болған бейне тарады, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бейнеде қазақстандық жұп Тайландағы қонақүй нөмерлерінен шкафтың ішіне жасырылған есікті тауып алады. Күйеуі есіктерді ашып көріп, оның ар жағында бөлме бар екенін айтып жатыр. Бұл есіктердің қайда апаратынын және не үшін жасалғаныны оларға белгісіз.

«Таиландтағы қонақүйде тұрған қазақстандық жұп өз бөлмесінің шкафынан жасырын есікті тапты. Түсіндірудің орнына, қонақ үй әкімшілігі оларды тез арада басқа бөлмеге көшіріп, жұмбақ есік туралы сұрақты жауапсыз қалдырған. Бір қызығы, бұл қонақ үй тағы қандай құпияны жасырады?», - делінген әлеуметтік желідегі парақшадалардың бірінде.

Нұрай Таиландтың Паттайя қаласына отбасымен және достарымен саяхаттап барған. Жуынатын бөлмеден шығып, киімін алмақ болған оның көзіне қабырғадағы жасырын есік түскен.

«Бұл туралы айтарлықтай ештеңе ойламаймын. Бәлкім, мұндай есіктер құбырларға кіру үшін қолданылатын шығар. Бірақ мен бұған сенімді емеспін. Әрине, мен мұндай жерде қалғым келмейді», – дейді Нұрай.

Қазақстандық туристің видеосы әлеуметтік желіде көп қаралым жинап, қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары саяхат кезінде барынша қауіпсіз жерді қалай таңдау керегін талқылап жатты.

«Қазақстанда отырып біз қорқып отырмыз»«Балалар мен жас қыздарды бөлмеде қалдырмаңыздар»«Неге видеода қонақүйдің атауы мен мекенжайын көрсетпейсіздер?»«Таиланд – адам органын сатумен аты шыққан ел»«Бөлмеде жасырын камера да бар шығар», – деп жазды желі қолданушылары.

 

Жаңалықтар

Астанадағы «Жайлы мектептің» дәретханасында жасөспірім құрдасын аяусыз ұрған, деп хабарл...

Шоу-бизнес

Танымал актриса, блогер Жанель Мақажан «Қалаулым» бағдарламасының құпиясын әшкере етті,...