Олимпиадаға қатысудан бас тартқан қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы турнирде бақ сынайды

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева. Фото: Robert Prange/Getty Images

Қоғам
439

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін турнирге қатысады.

"Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басында Елена денсаулығына байланысты наурыз айында Индиан-Уэллсте және мамырда Римдегі WTA-1000 турнирлерінен бас тартуға мәжбүр болды. Екі спортшы да маусым айында Уимблдонда өнер көрсетті, бірақ Париж Олимпиадасында ойнай алмады және Торонтодағы WTA 1000 турнирін жіберіп алды. Енді тек алаңдағы ойын қалпына келтіру процесінің қаншалықты сәтті өткенін және спортшылардың бұрынғы қалпына жету үшін қанша уақыт кететінін көрсетеді. Сәттілік тілейміз", - делінген Қазақстан теннис федерациясының жазбасында. 

Бұл турнир АҚШ-тың Цинциннати қаласында 13-19 тамыз аралығында WTA-1000 санаты бойынша өтеді. Елена Рыбакина турнирді екінші кезеңнен бастайды. 

Ол канадалық Лейла Фернандес (әлемдік рейтингте 25-орында) пен қытайлық Юань Юэ (42-орында) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. 

Ал Юлия Путинцева жарысты алғашқы айналымнан бастайды. Ол іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен бір теннисшімен шеберлік байқасады.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...