"Тарихи-мәдени мұраны қорғау" заңы таныстырылды

ВИДЕО
546

Бүгін Парламент Мәжілісінде тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы заң жобасы таныстырылды,

Депутаттар оны мақұлдап, алдағы уақытта жұмыс топтарында талқылайтын болады. Кездесуге археолог-ғалымдар қатысып, өз пікірін білдіруге мүмкіндік алды. Құжатта мәдени мұраларды анықтау, есепке алу, зерделеу және мониторинг жүргізу жолдары көрсетілген. Сондай-ақ салада халықаралық ынтымақтастық орнату тетіктері де қарастырылған. Мәдени мұра нысандары бірнеше санат бойынша бөлінеді. Ал әрбір нысанның қай санатқа жатқызылатынын арнайы құрылатын комиссия мүшелері анықтайды. Заң жобасында археологиялық, ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау туралы бап бар. Мәдениет және спорт минситрінің айтуынша, болашақта аталмыш өзгерістер елде туризм саласын дамытуға септігін тигізеді. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

 - Бүгінгі күннің мақсаты – бірегей тарихи мұра орталықтарын ғана емес, барлық өркениетті елдердің тәжірибесіне сәйкес ғылымның, білімнің, коммуникациялардың, шығармашылық инновациялардың орталықтарын құру. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі туристік қызығушылық тудыратын орын қалыптастыру болып табылады. Бұл қадам келешекте экономикалық өсім, қосымша инвестициялар береді деп күтілуде. 

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

 - Бүгінгі таңда елімізде 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Оның 244-і республикалық маңызы бар ескерткіштер, 11 мыңнан аса жергілікті мәдени ескерткіштер бар. 10-ы халықаралық деңгейде танылған мәдени ескерткіштер. Оны ескерткіш деп тану үшін 3-5 жыл уақыт керек. Ол уақыт күтпейді. Ескерткіш деп тану мерзімі қысқарып жатыр. 

Madenietportal.kz

 

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...