Қазақ журналистері Мәскеуде қазақ тілі мен мәдениеті орталықтарымен танысады

Жаңалықтар
266

Қаңтардың 27-нен 30-ы аралығында Мәскеуде қазақстандық жас журналистер мен блогерлердің пресс-туры өтеді, онда Ресей астанасындағы қазақ тілі мен мәдениетін үйрену орталықтарымен және қазақ диаспорлары мен Мәскеудегі қазақстандық студенттердің өмірімен танысып, Қазақстанды зерттеу бойынша мамандандырылған ресейлік сарапшылармен және ғалымдармен кездесетін болады.



Пресс-тур халықаралық «Қазақстан орысша» жобасы шеңберінде  бірқатар іс-шаралар сериясымен ашылады. Жобаның мақсаты - Ресей мен Қазақстан арасындағы гуманитарлық, ақпараттық, мәдени және тарихи салаларда серіктестікті кеңейту, Ресей Федерациясындағы қазақ тілі мен мәдениетін сақтаумен айналысатын құрылымдар арасындағы байланысты нығайту және Қазақстанның тарихын зерттеу бойынша ғылыми-аналитикалық орталықтар мен Қазақстан Республикасының медиа-қауымдастығының өзара байланыстарын өркендету.



Пресс-тур қатысушылары Дон зиратында жерленген «Алаш» партиясының көсемі Алихан БӨКЕЙХАННЫҢ зиратына, Кеңес Одағының Батыры Әлия МОЛДАҒҰЛОВА атындағы мектеп пен мұражайға барып, Ресей астанасындағы қазақ мәдениеті мен тарихына арналған белгілі жерлермен танысады және Ресей оқу орындарында оқитын қазақстандық жастарды біріктіретін «Жас тұлпар» жастар ұйымының өкілдерімен кездеседі.

Пресс-турдың маңызды бөлімі былтыр ғана 15 жылдық мерейтойын атап кеткен Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті орталығының жетекшілері мен оқытушыларының кездесуі болып табылады. Сонымен қатар Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшігінің мұражайына экскурсия жасау жоспарланған.

Пресс-турдың қатысушылары М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетінің аланыңда 29 қаңтарда сағат 10.00-де ашылатын «Информационное присутствие Казахстана в России - образ России в Казахстане» атты дөңгелек үстелге қатысады.

Пресс-тур Мәскеудің Соборлық мешітіне экскурсия жасаумен  және қазақ қауымдастығының имамымен кездесумен аяқталады.

Пресс-турға белгілі жас журналистер, қазақстандық танымал БАҚ-ның өкілдері, «Хабар» ақпараттық агенттігі мен Қазақстандағы интернет және медиа саласындағы ірі ойыншылардың бірі болып табылатын «Қазконтент» компаниясының өкілдері, сондай-ақ YouTube-тің қазақстандық сегментінің видеоблогерлері қатысады.

Шара ресейлік-қазақстандық IQ-Клубы қызметінің шеңберінде өткізіледі. Пресс-турдың ұйымдастырушысы: кеңестен кейінгі кеңістікті зерттеу бойынша ақпараттық-аналитикалық «Урал-Евразия» сараптамалық клубы.

Барлық сұрақтары бойынша жауап беретін: Ильясова Лилия, +7 (926) 192-93-32

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...