Димаш Құдайберген The World's Best шоуының екінші кезеңіне өтті

МУЗЫКА
2786

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық CBS телеарнасындағы The World's Best (Әлем үздігі) таланттар шоуының келесі кезеңіне өтті.

Ол бірінші турда француз тіліндегі "S.O.S d'un terrien en détresse" әнін орындады. Үш негізгі әділқазы - актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл, актер Ру Пол Андре Чарльз ең жоғарғы 50 ұпай берсе, 50 елден келген қазылардың 48-і Димаштың өнерін ұнатты. Қазақстандық әнші 100 ұпайдан 98 ұпай жинап, шоудың екінші кезеңіне шықты. Шарт бойынша қатысушылар келесі кезеңге өтуі үшін кем дегенде 75 ұпай жинауы тиіс.

Америкалық The World's Best телешоуына қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешованың да қатысатыны хабарланған. Ол - 2018 жылы Украина телеарналарының біріндегі "Голос Дети" шоуының жеңімпазы және Junior Eurovision конкурсының қатысушысы.

Димаш Құдайберген 2017 жылы Қытайдың Huhan TV арнасындағы I am a Singer ән байқауына қатысып, 2-орын алған. Осы конкурстан кейін әнші әлемге танылып, Лондон, Мәскеу қалаларында үлкен сахнада ән салған.

azattyq.org

author

​Димаш Құдайберген

ӘНШІ

Жаңалықтар

"ҚазМұнайГаз" бен татардың "Татнефть" компаниясы әлемдік супергигант саналатын "Теңіздің" дәл жанынд...

ӘДЕБИЕТ

«Тағдыр мен майдан» атты кітап 2018 жылы басылып шыққан роман. Жазушы Ұларбек Нұр...