Алматы метроларында қауіпсіздік үшін орнатылып жатқан металл қоршаулар уақытша екен

Фото: Алматы метрополитені

ЖАҢАЛЫҚТАР
1558

Алмасбек Орынбеков Алматы метроларында қауіпсіздік үшін орнатылып жатқан металл қоршаулар уақытша екенін айтып түсіндірді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Автоматтандырылған платформалық қоршауларды орнату ұзақ уақытты қажет етеді, өйткені ол үшін жобалау, техникалық-экономикалық негіздеме, қаржыландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу қажет. Осыған байланысты жолаушылардың қауіпсіздігі үшін уақытша металл қоршаулар орнатылып жатыр. Бұл туралы Алматы метрополитенінің директоры Алмасбек Орынбеков айтты.

Алмасбек Орынбековтің сөзінше, алдымен тот баспайтын жылтыр металдан жасалған тіректер орнатылады, кейін оларға соққыға төзімді шыныдан жасалған қоршаулар бекітіледі. Бұл жұмыстар жақында аяқталады деп жоспарланып отыр.

"Автоматтандырылған платформалық қоршауларды орнату ұзақ уақытты қажет етеді, өйткені ол үшін жобалау, техникалық-экономикалық негіздеме, қаржыландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу қажет. Осыған байланысты жолаушылардың қауіпсіздігі үшін уақытша металл қоршаулар орнатылып жатыр", — деді Алмасбек Орынбеков. 

Айтуынша, қоршаулар вагондардың арасындағы кеңістікті шектеу үшін орнатылады және метрополитеннің пайдалану шығыны есебінен жүзеге асырылады, яғни бюджет қаражаты тартылмайды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...