«Мәдениет порталында» «5 сұрақ» атты жаңа видео-жоба басталды

#5 СҰРАҚ
2341

«Мәдениет порталы» – Қазақстан Республикасының мәдени мұрасын заңды түрде бір жерге жинақтайтын және тұрақты түрде насихаттайтын ағартушылық бағыттағы ең ірі мәдени платформа. Портал энциклопедиялық қызмет атқарады. Әр авторға арнайы парақшалар ашылған және олардың шығармашылығына қатысты барлық деректер топтастырылған.

Порталдағы авторлар – қазақ руханиятына ерен үлес қосып жүрген ақын-жазушылар, суретшілер, күйшілер, әншілер, ғалымдар мен тағы да басқа көзі қарақты қайраткерлер. Қазақ ақпарат кеңістігіндегі тұңғыш мәдени порталдың басты мақсаты – Жаратушы өн бойына ерекше қабілет дарытқан халық сүйіктілерінің жан толқынысынан туған шығармаларын, яки талғампаз таңдауының толқынында жаратылған асау талантын, арда табиғатын сұлулыққа сусап отырған мұқым жұртқа насихаттау.

Қамшының сабындай қысқа ғұмырдағы ең қымбат нәрсе – уақыт. Адам баласы белгілі бір уақытта жаратылды, уақытша жаратылды. Уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қалаған кезімізде қысқарта алмаймыз. Сондықтан порталдың тағы бір көздегені, оқырман уақытын үнемдей отырып, аз уақытта мол ақпарат беру. Ендеше, құрметті оқырман, 5 минутқа жетер-жетпес уақытыңызды ғана алатын «5 сұрақ» атты видео-жобамызды ұсынамыз. Алғашқы қонағымыз –  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева. Ал бастайық. Қолдап, бөлісіп отырыңыз!


author

Айгүл Иманбаева

АКТЕР

Жаңалықтар

Алматыда вейп сататын орындар жойылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Құқықтық тәртіп жедел-алды...

Жаңалықтар

Қазақстан мен БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туристік ұйым қазақстандық туризмді жаңғырту үшін ынтымақта...