Тоқаев Қанат Исламмен түскен суретін жариялады (фото)

Жаңалықтар
2049

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram парақшасында боксшы Қанат Исламмен бірге түскен суретін жариялап, оның алдағы жекпе-жектеріне сәттілік тіледі.

"Еліміздің мақтанышы, қазақтың намысты да қайсар ұлы Қанат Ислам. Алда өткізетін жекпе-жектеріне сәттілік тіледім", - деп жазды президент.

Еске сала кетейік, жеңіліп көрмеген отандасымыз соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың 9 қыркүйегінде канадалық боксшы Брэндон Кукке қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын.

Бұл кездесуден кейін Қанат Ислам бірінші орта салмақтағы бірден үш чемпиондық белбеуге NABA, WBA Inter-Continental және WBO NABO ие болып, алайда ұзақ үзіліске байланысты титулдарынан айырылып қалған еді.

Ал осы жылдың сәуір айының соңында боксшы Instagram парақшасында алда болатын жекпе-жекке дайындықтың бейнеролигімен бөлісті.

author

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

ҚАЙРАТКЕР

Жаңалықтар

19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып а...

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабар...