ІІМ өкілі мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-анасына үндеу жасады

Көрнекі фото: ашық дереккөз

Жаңалықтар
890

25 мамырда оқу жылы аяқталып, салтанатты іс-шаралар өткізілетініне байланысты Ішкі істер министрлігі өкілдері түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

ІІМ ақпараттық ресурсының мәліметінше 25 мамырда еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаттары өткізіледі. Осыған байланысты полиция қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.

"Құрметті ата-аналар мен түлектер! Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді. Патрульдік нарядтар іс-шаралар өткізілетін орындарға барынша жақын болады. Соңғы жылдардағы тәжірибеге сүйенсек, мектептердегі "соңғы қоңыраулар" аяқталғаннан кейін ата-аналардың рұқсатымен көптеген түлектер іс-шараларды өз бетінше жалғастырады. Өкінішке қарай, жасөспірімдердің көлік тізгіндеуі қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады. Өткен жылы мұндай фактілер Жамбыл, Атырау облыстары мен Алматы қаласында тіркелді. Одан бөлек, ата-аналардың бақылауынсыз балалар тыйым салынған жерлерде суға түсіп жатады. Былтыр Ақмола, Маңғыстау және Атырау облыстарындағы су айдындарының шомылуға жабдықталмаған жерлерінде жасөспірімдердің суға кету жағдайлары тіркелді. Осыны ескере отырып, ата-аналар мен түлектерді мінез-құлықтың қажетті нормалары мен ережелерін сақтауға шақырамыз. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу 102 арнасына, ал төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды сұраймыз", – деді департамент бастығы, ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев. 

 

Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында зорлау туралы көрінеу жалған хабарлау оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ma...

Шоу-бизнес

Продюсер Жан Мұқанов Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілерді атады, деп хабарлайды madenipor...