Нұр-Сұлтан қаласының атауы септеле ме?

Жаңалықтар
2214

Елорда атауын орыс тілінде қолдануда біртектіліктің болмауына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі келесіні хабарлайды.

Орыс тілінің нормаларына сәйкес, «қала» сөзінсіз қолданылатын шет тіліндегі географиялық атаулар дауыссыз дыбысқа аяқталған жағдайда септеледі. Мәселен, «население Нур-Султана, подъехал к Нур-Султану, горжусь Нур-Султаном, живу в Нур-Султане». Сонымен қатар, егер жоғарыда аталған атаулар «город» жалпы сөзіне қосымша ретінде қолданылған жағдайда септелмейді: в городе Луисвилл, близ города Мобеж, за городом Санта-Крус. Дегенмен, бұл ереже орыс тіліне бұрыннан еніп кеткен және орыс тілімен меңгерілген шет тілді атаулар, соның ішінде «Нұр-Сұлтан»-ға да қатысты қолданылмайды: в городе Нур-Султане, за городом Нур-Султаном (по аналогии с: в городе Нью-Йорке, возле города Буэнос-Айреса, к городу Лос-Анджелесу и т.п.).  Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабы 3-1-тармағында елорда атауының өзгермелі нысаны қолданылды: «В пределах города Нур-Султана…». Осылайша, елорданың атауы, «город» деген сөзбен бірге қолданылғанда да, онсыз да, септеледі: в Нур-Султане, возле города Нур-Султана.

Шоу-бизнес

Продюсер Жан Мұқанов Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілерді атады, деп хабарлайды madenipor...

Жаңалықтар

Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz. ВВС мәліметінше, Чайели...