Су тасқынынан зардап шеккен атбасарлықтар жаңа үйдің сапасына наразы

Фото: dalanews

Жаңалықтар
204

Ақмола облысы Атбасар қаласындағы тұрғындар жаңа үйдің құрылысына сын тақты, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kzтілшісіне сілтеме жасап.

Тұрғындар бюджеттен бас-аяғы 3 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген тұрғын үйді әкімдік өалай қабылдап алғанын түсінбейді. 

Жеті жыл бұрын су тасқынынан зардап шеккен атбасарлықтар бұл жаңа тұрғын үйді ұзақ күткен. Алайда халықтың қуанышы көпке созылмады. Өйткені жаңа баспананың қабырғасы сөгіліп, едендері опырылып жатыр екен.

200 пәтерлі екі үйдің кілтін тасқыннан зардап шеккендерге биыл тамыз айында облыс әкімінің өзі табыстаған. Атбасарлықтан үйдің қабырғасы сөгілгеннен бөлек, суық екеніне налиды. 

«Біз тәуелсіз сарапшының тексергенін қалаймыз. Үйдің апатты немесе қауіпті екенін айтсын. Пәтердегі олқылықтарды бізге жөндеп берсін. Боран соққанда линолиум көтеріліп, кей үйлер суық болды. Жоғары жаққа арыз жазып, мәселемізді өзіміз көтермегенше жергілікті билік бізге құлақ аспады"», – деді қала тұрғыны Жұлдық Сәдуақасова. 

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...