Астанада «Eurasian Book Fair– 2018» кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

Жаңалықтар
2057

III Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі 2018 жылдың 25-28 сәуір аралығы Астана қаласындағы «Көрме» орталығында өтеді.

Еуразия халықаралық «Eurasian Book Fair– 2018» кітап көрме-жәрмеңкесі – іскерлік және рухани ынтымақтастықты дамыту мен нығайту мақсатында үлкен зияткерлік алаңда ТМД, Еуропа және Азия елдерінің баспа және кітап саудасы ұйымдарының, мәдени және білім беру орталықтарының басын қосатын ірі отандық кітап форумы. Қазақстандық оқырмандар үшін бұл шара нағыз шығармашылық мерекеге айналып, кітап оқуға құштарлықты оятып, жалпы кітап оқу мәдениетін насихаттап, өскелең ұрпақтың бойында қызығушылықты арттыруға зор ықпал етпек.

Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі, бұл – 100 мыңнан астам жаңа туынды, саналуан және мазмұны бай бағдарлама. Оның ішінде белгілі ақын-жазушылармен шығармашылық кездесулер, бірегей туындылардың тұсаукесері, шеберлік сағаттары, балалар мен жасөспірімдерге арналған қайырымдылық акциялары, театрландырылған қойылымдар мен кәсіби байқаулар жоспарлануда.

Кітап жазу саласы да әлемдік мәдениет пен экономикаға сай өркендеп келеді. Сондықтан, көрменің басты мақсаты – қазақстандық баспагерлерді озық технологиялар мен медиаконтент бағыттарындағы инновациялармен таныстыру, ал оқырман қауымды – дүниежүзіндегі жаңашылдықтарға қанықтырып, дәл көрме алаңында олармен қауышуға жол ашу.


Көрме аясында «Үздік оқу кітабы», «Үздік өлкетану басылымы», «Балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік басылым», «Мәдениет пен өнер», «Ғылым мен инновация» және басқа да аталымдар бойынша «Кітап өнері» байқауы өткізіледі.

III Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысуға әлемнің 20 елінен 170-ке жуық компания өтініш білдірді.

Сонымен қатар, көрмеге келушілер мен қатысушыларды, кітапқұмарларға арналған флэшмоб, кітап безендіруге байланысты суретшілер мен дизайнерлерге ынталандыру акциясы және "Жылдың үздік кітабы" байқауы сынды шаралар тосып тұр.

Осы орайда, "Жылдың үздік кітабы" байқауында, бірқатар аталымдар бойынша үздік кітап басылымы мен үздік стенд дүниелері анықталмақ.

Парламет дауысы

Сенатор Дархан Қыдырәлі ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында мемлекет...

Мемлекет басшысы

Тарих толқында сан ғасырлар бойы қаншама мемлекет құрылып, бірі ескексіз қайықтай бағыты мен бағдары...