ӨНЕР ОРДАСЫНА 85 ЖЫЛ!

Жаңалықтар
1105

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы көптармақты және көпсалалы оқу орны. Түлектері әлемдік және ұлттық мәдениет пен өнердің алтын қорын құрайтын шығармашылықтың зиялы қауымын дайындайтын, өзін мойындатқан орталық. Биыл Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы өзінің 85 жылдық мерейтойын атап өтуде. Өнер Ордасының қазақтың өнері, тілі мен әдебиеті, мәдениетіне қосқан үлесі ұшан-теңіз. Академияда талай-талай қазақ мәдениетінің қазығын қаққан ірі тұлғалар: талантты жас ұрпақты құсбегідей баптап, сахна төріне шығарды. Сонымен қатар, Академия тарихында суретшілер одағы, симфониялық және ұлттық оркестрлер құрылды, музейлер ашылды. Академия түлектері осы 85 жыл ішінде қазақтың ұлттық өнерін әлемнің үлкен сахналарында паш етті. 

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын басшылыққа ала отырып, оқу орнының ұжымы XXI ғасырдың талаптарына жауап беретін мамандарды дайындауға барлық күшін салып келеді. Бұл ұлттық өнердің өркендеуіне жұмыс жасайтын шығармашылық элита болып үлгерді  

Қазақ Ұлттық өнер академиясының 85 жылдық мерейтойына арналған -   «Өнер ұлт келбеті» атты концерті Алматы қаласындағы Республика сарайында өтті. Кештің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова сөз алып, Академияның профессор-оқытушы құрамы мен қызметкерлерін құттықтады. Академия тарихынан сыр шертетін деректі фильмді көпшілік тамашалады. Концертте Академияның танымал түлектері ҚР Халық әртистері Роза Рымбаева, Айжан Нұрмағамбетова, Рамазан Стамғазиев, Нағима Есқалиева сынды белгілі өнер саңлақтары көпшіліктің көз айымы болды. 

 Академияның шығармашылық ұжымы сондай-ақ Астана, Қызылорда қалаларында мерейтой аясында концерттер беруді жоспарлап отыр. 



         


author

Темірбек Жүргенов

ПУБЛИЦИСТ

Жаңалықтар

Түркістан облысы Келес ауданындағы N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі...

Жаңалықтар

Қостанай облысында зауыт жұмысшысы зауыттағы бетон араластырғышқа құлап, қайтыс болды, деп хабарла...