«Мұқағали» фильмінің түсірілімі басталды

КИНО
4032

«Қазақфильмде» «Мұқағали» көркем фильмінің түсірілімі басталды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Картина  ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайында сыр шертеді. Фильмнің режиссері - танымал қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіруде. «Бұл фильм ақын жайлы ғана емес, адам жайлы, адамның тағдыры жайында», - дейді фильмнің режиссері Қалымбетов.

Түсірілім  жұмыстары Өскемен қаласында басталды. Одан кейін түсірілім тобы Санкт-Петербург, Алматы  және Алматы  облыстарына жол тартпақ.

Режиссердің айтуынша, картина Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды.

author

Мұқағали Мақатаев

АҚЫН

Жаңалықтар

Қазақстанның заңнамасына сәйкес ерлі-зайыпты некеге тұрғанда бір-бірінің тегін ала алады. Әрине, мұн...

Жаңалықтар

ForteBank бос жұмыс орнына түйіндіме жариялап, ол түйіндемеде қазақ тілін маңызды емес деп көрсетіп,...