«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби онлайн-конкурсы

ОНЛАЙН-КОНКУРС
103505

«АУЫЛ» партиясы мен «Мәдениет порталының» ұйымдастыруымен өтетін ауыл тақырыбына арналған қаламгерлер арасындағы «Ауылым – алтын тұғырым» атты әдеби онлайн конкурсының

                                                                            ЕРЕЖЕСІ

Конкурс ұйымдастырушысы:

Конкурс «АУЫЛ» партиясы мен «Мәдениет порталының» бірлесіп ұйымдастыруымен (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) өткізіледі. 

Ұйымдастыру комитеті:
  
Конкурсты өткізу шарттарын, тәртібі және мерзімі туралы ақпараттарды «Мәдениет порталында» және «Ауыл» партиясының auyl.kz сайтында  жариялайды;
Қатысушылардан түсетін өтінімдер мен материалдарды электронды түрде қабылдайды;
Әділқазылар алқасының құрамын іріктейді және бекітеді;
«АУЫЛ» партиясы конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау салтанатын ұйымдастырады.  
 
Конкурстың мақсаты:
  
Қаламгерлер  арасында ауылдың рухани өмірін, тыныс-тіршілігін, ауылда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерді суреттеу;
Ауыл құндылықтарын насихаттау;
Ақындар мен жазушыларды қолдау және шығармашылығын дамыту;  
 
Конкурстың шарттары:
  
Конкурсқа қатысу үшін жасы 17 мен 45 жас аралығындағы қаламгерлер өз шығармаларын ұсына алады;
«АУЫЛ тақырыбына арналған үздік драматургия» аталымына шығарма ұсынатын қаламгерлердің жас мөлшеріне шектеу қойылмайды;
Үміткерлер конкурсқа ұсынылған шығармалары мен жеке мәліметтерін порталда көрсетілген «Шығарманы қосу» батырмасы арқылы орналастыра алады. Ол үшін алдымен порталға тіркелу қажет;
Әр номинация бойынша комиссия мүшелері жеке-жеке бағалайды; 
Конкурсқа қатысу үшін шығармалар онлайн түрде «Мәдениет порталына» 2020  жылғы 15 наурызға дейін жіберілуі тиіс;
2020 жылғы конкурсқа орыс тілінде жазылған шығармалар да қабылданады.
Конкурсқа қатысушыларды комиссия мүшелері жеке-жеке бағалайды;
Көркемдік деңгейі төмен шығармалар қабылданбайды;
Шығармалар бұған дейін басқа конкурстарға ұсынылмаған болуы шарт;
Жүлде қорын «Ауыл» партиясы өз міндетіне алады. Конкурсқа қатысқан шығармалар кітап болып шығарылады.  
 
Номинациялар бойынша төмендегідей жүлде қоры тағайындалады: 

«АЛТЫН ТҰҒЫР» әдеби жүлдесі:
 
Үш номинациядағы 1-орын жеңімпаздарының арасында таңдалып алынады және қосымша 200 000 теңге беріледі;  
 
«АУЫЛ тақырыбына арналған үздік проза» (эссе, әңгіме, повесть):
 
1-орын 500 000 теңге;
 
2-орын 300 000 теңге;
 
3-орын 200 000 теңге;  
 
«АУЫЛ тақырыбына арналған үздік поэзия» (өлең, баллада, поэма):  
 
1-орын 500 000 теңге;
 
2-орын 300 000 теңге;
 
3-орын 200 000 теңге;  
 
«АУЫЛ тақырыбына арналған үздік драматургия»:  
 
1-орын 500 000 теңге;
 
2-орын 300 000 теңге;
 
3-орын 200 000 теңге;  
 
Арнайы жүлделер:  
 
Қосымша 10 үздік қаламгерге 100 000 теңгеден арнайы жүлделер тағайындалады.  
 
Жеңімпаздарды марапаттау:  
 
Конкурсқа шығармаларды қабылдау 2020 жылдың наурыз айының 15-іне дейін жүргізіледі. Жеңімпаздарды марапаттау 2020 жылы Наурыз мейрамы қарсаңында өткізіледі. 

Салтанатты шараның нақты уақыты мен өткізілетін орны қосымша хабарланады.  
  
«Ауыл» партиясы өзге өңірлерден келетін әділқазылар алқасы мүшелерінің жол шығынын өз мойнына алады.

Қосымша конкурс туралы ақпараттарды "Мәдениет порталының" facebook және Telegram желісіне жазылып бақылай аласыздар.

Құрметпен, "Мәдениет порталы" 



Жаңалықтар

Ақын Тоқтарәлі Таңжарық ақын әрі журналист Серік Боқанның көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды madenip...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде подполковник пен хуторлық Хасанның бірге түскен суреті тарады, деп хабарлайды made...