Димаш Құдайберген Мәскеуде екінші жеке концертін береді

МУЗЫКА
2031

Шоу келесі жылдың наурызында өтеді.

Димаш Құдайберген Мәскеуде екінші жеке концерті өтетіні туралы жариялап, жанкүйерлерін іс-шараға шақырды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Жанкүйерлеріне арналған бейнеүнддеу орындаушының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

"Қымбатты достар! Сіздерді қуана-қуана Мәскеуде, 2020 жылы 9 наурызда "Мегаспорт" аренасында өтетін өзімнің концертіме шақырамын. Бұл көңілді, креативті және сезімге толы болады! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекелік күндері Мәскеуде болатын өзімнің шоуыма шақырамын", - делінген орыс, ағылшын және қытай тілдерінде жарияланған хабарламада.

Еске сала кетсек, Мәскеуде 22 наурызда Мемлекеттік Кремль сарайында Димаштың бірінші жеке концерті өткен еді.

Таяуда Димаш Санкт-Петербургта лық толы зал жинады. Одан кейін ол жанкүйерлерін Нью-Йоркта 10 желтоқсанда өтетін концертіне шақырған болатын.

Сондай-ақ қазақстандық әнші 25 наурыз күні Прагада концерт беруді жоспарлап отыр.


Today.kz

author

​Димаш Құдайберген

ӘНШІ

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...