«Күй-Аманат» онлайн күй-байқауы

ОНЛАЙН-КОНКУРС
5012

Жиделібайсын күй мектебінің өкілі, Оразбек күйшінің ұрпақтары әкелелерінің күй-аманатын насихаттау мақсатында еліміздегі күйшілер арасында байқау жариялады.

БАЙҚАУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ:

1. В контакте әлеуметтік желісіндегі Kulaina Orazbekkyzy парақшасында Оразбек күйшінің жеті күйі берілген. Күйші міндетті түрде "Күлтір-Мамай" күйін және қалған алты күйдің біреуін өз талғамына қарай орындауы тиіс. Күйшілер байырғы құймақұлақ дәстүрімен, күйлерді есту арқылы алады.

2. Күйші өзінің аты-жөнін, қысқаша өмірбаянын жазып, күйлердің wafe немесе видео нұсқасын sarsenova.001@mail.ru почтасы мен Whatsapp номеріне 2020 жылдың 22-ші наурызына дейін жіберуі керек.

Байқау қорытындысын белгілі күйшілер: ҚР Мәдениет қайраткері, өнер зерттеуші, Құрманғазы атындағы ҚҰК доценті, бірнеше күйшілер конкурсының лауреаты Мұрат Әбуғазы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы Саян Ақмолда және "Жүсіп" күйінің авторы, Жүсіп Сәрсенұлының немересі Мәди Көшікбаев шығарады. Жеңімпаздарды күйшінің ұрпағы Күлайна Оразбекқызы елімізде жарияланған төтенше жағдай аяқталған соң "Мәдениет порталына" сұхбат беріп, нәтижесін жариялайды.

СЫЙЛЫҚ ҚОРЫ:

БАС ЖҮЛДЕ: - 200 000 тг
І-орын: - 120 000 тг
ІІ-орын: - 80 000 тг - екеу
ІІІ-орын: - 50 000 тг - үшеу

Жаңалықтар

Ақмола облысында әпкесі анасынан қалған мұраны інісімен бөліскісі келмей, жасырын құжат дайындаған,...

Жаңалықтар

Абай облысы Үржар ауданында 44 жастағы  имам бала қағып кетті. 11 жастағы мектеп оқушысы ауруха...