Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдың соңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың...
Тәуелсіздік туралы қанатты сөздер
Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Назарларыңызға Тәуелсіздік, еркіндік туралы ойшылдар айтқан орамды ойларды ұсынамыз.
• Қоршаған орта бізді істегіміз келмеген нәрсені жасауға итермелейді. Тек өте аз адамдар тобы ғана стереотипті жеңуге қауқарлы. (Белгісіз автор)
• Ағысқа қарсы жүзгенде ғана еркін ойдың не екенін түсінесің. (Белгісіз автор)
• Құл ешқашан тәуелсіз болуға ұмтылмайды, оның арманы – өзге құлдардың үстінен қарау. (Габриэль Лауб)
• Адам алаң үшін емес, тәуелсіздік үшін жаралған. (Спартак)
• Кейде тәуелсіз ой біз ұйықтап жатқанда оянады. (Леонид С.Сухоруков)
• Біз Италияны құрадық, енді италиялықтарды жасап шығарайықшы. (Камилло Кавур)
• Өз өзін тапқан адам өзге адамның пікіріне бағынышты болудан арылады. (Георгий Александров)
• Адам табиғатынан-ақ тәуелсіз болуға жаралмаған. (Люк де Копье Вовенарг)
• Нағыз еркіндік – жалғыз қалу. Сол кезде ғана ешкімге тәуелді болмайсың, саған да ешкім тәуелді болмайды. (Белгісіз автор)
• Бәрінен де тек қана өзіне бағынышты адам бақытты. (Цицерон)
• Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады. (Әлихан Бөкейханов)
• Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз. (Нұрсұлтан Назарбаев)