Танымал актер өзінің үйінде өлі табылды

Фото: Pixabay.com

PESTEL
890

«Қылмыстық чтиво» және «Маска» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал америкалық актер Питер Грин Нью-Йорктегі өз пәтерінен өлі күйінде табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы New York Daily News газеті жазды. Ол 60 жаста болған.

«Питер еденде етпетінен жатқан, беті жарақаттанған, айналаның бәрі қан болған», — деді актердің көршісі. 

Полиция оқиғаны жазатайым жағдай ретінде де, қылмыстық нұсқа ретінде де қарастырып жатыр. Атап айтқанда, актердің пәтерінен Гриннің өліміне Нью-Йорктегі ирландиялық қылмыстық топтардың қатысы болуы мүмкін екенін көрсететін айғақтар табылған. Сонымен қатар соңғы уақытта актер ми қан тамырындағы емделмеген аневризма салдарынан басы айналатынын айтып жүрген. Жақын арада оған өкпедегі қатерсіз ісікті алып тастау операциясы жасалуы тиіс болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы желіде орынсыз ақпараттық шабуылдарды тіркелгенін мәлімдеді...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін таңертеңнен бастап Алматыдағы №383 референдум учаскесінде ел үшін маңызды оқиғаға қатысқысы ке...