Шаттық Батан. Жаңа тұрпатты, өзгеше қаламгер

ӘДЕБИЕТ
3627

Осыған дейін ақындар арасында «Папирус» айдарын жүргізгеніміз ел назарында. «Тәуелсіздік:Сөз бен Сурет» жобасы аясында сол тағылымды дүниені қайта қолға алмақпыз. Осы жолы әрине суретшілер арасында. «Мәдениет порталы» аталмыш айдарды жүргізе отырып, қазақ суретшілерінің шығармасын қалың жұртшылық арасына кеңінен насихаттауды мақсат етіп отыр. "Папирус" айдарында әр аптаның сәрсенбісінде бір кескіндеме шеберінің жазғаны жарияланып, аптаның қалған күндері сол жарияланған суретке жасалған анализдер мен пікірлер оқырман назарына ұсынылатын болады. Назарларыңызға «Папирус» айдарында шығармасы жарияланған Дәуренбек Бекназаровтың картиналарына деген танымал суретші Шаттық Батанның пікірін ұсынамыз.

Ол қалыптасып келе жатқан жас суретшілердің бірі. Оның ізденісі, түрлі эксперименттерге баратындығы, қою гаммасы, өзінің қолтаңбасы бар суретші екенін аңғартады. Өнердің қай түрі болмасын шексіздік пен еркіндікті қажет етеді. Сол ретте Дәуренбекті жаңа тұрпатты, өзгеше қаламгер деп айтсақ болады. Шығармашылығы құпия тылсымдармен астасып жататынын картиналарынан байқайсыз. Кейде суретке қарап отырып, оның  да саған көз қадап, тілдесіп тұрғанын сезесің. Ол кезде көз көрсеткіш, байланыстырушы құрал боп қана қалып, бейтылсымнан санаң мен жүрегің сөйлей жөнеледі. Осыларды біз Дәуреннің суретіне қарата айтып отырмыз. Өйткені оның жазғаны терең философияға жетелейді бір сәт. Оның суреттері қиялдауға мүмкіндік береді, бояулармен тілдестіреді. Яғни түрлі түсі, сәулелі реңінің, қаламының қармағы сіздің түйсігіңізді түрткілемей қоймайды. Немесе өзің ерікті түрде барып қақпанына түсесің. Иә, қош көңілмен, дос пейілмен әріптесімізге шалқар шабыт тілеп, ақ жол деп сөзді тәмәмдадық.

Шаттық Батан

суретші

Заң

Астана қаласының тұрғыны әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованы жалған мәлімет таратты...

Жаңалықтар

Шерзат Полаттың отбасы қауіпсіз жерге көшірілді, бірақ нақты мекенжайлары құпияда, деп хабарлайды&nb...