«Рухани жаңғыру» бағдарламасы адамдардың жас ерекшелігіне сай жоспарланады

РУХАНИЯТ
1475

Қазақстан дамыған елдің қатарына қосылуы үшін әрбір қазақстандық өзін дамытуы шарт. Ал сол бағыттағы жұмыстар жүзеге асуы үшін мемлекет тарапынан әртүрлі бағытта жұмыстар атқарылып жатыр. Соның біраз бөлігін қамтып отырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы. Оның ішінде мәдениет пен білім, туризм секілді бірқатар бағыт қамтылып, қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жұмыс атқарылып келеді. Себебі қазір елдің алдыңғы қатарлы мамандары оқитын түрлі тақырыптағы дәрістер мен білім жинау үшін қазақ тілінде ақпарат жеткілікті. Тарихын танығысы келген азамат үшін арнайы бағдарлама темірқазық бола алады. Life is learning кезеңінде бұл таптырмас мүмкіндік. Сондай мүмкіндіктің бірі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жол картасы болып отыр. Биыл қабылданған жол картасына сәйкес, енді бұл бағдарлама аясында қабылданатын жоспарлар мен шаралар адамдардың жас ерекшелігіне сай әзірленетін болды. Бұл жаңалықты бағдарламаның орындалуына, іске асуына жауапты ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәлімдеді.

Ресми ақпаратқа сәйкес, қазір халық қазақстандық қоғамның трансформациясын қолдап, бұл бастамаларға оң баға беріп отыр. Сарапшылардың өзі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде қоғамдық сана өзгере бастағанын айтады. Сондай-ақ  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың тиімділігі» тақырыбында зерттеу жүргізілген. Соның нәтижесі бағдарламаның алты басты бағытының әрбірі бойынша қоғамда белгілі бір көзқарас қалыптасқанын көрсетті. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның отандық бұқаралық құралдарына берген сұхбатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыс қорытындылары мен соңғы жылдардағы нәтижелер бойынша бағдарлама бағытталған мақсаттарға қол жеткізгенін айтты.

«Өткен жылы облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері 30 000 іс-шараға 8 миллионнан астам адамды тартты. Халықтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға қатысу үлесі 32,8% - ды құрады, дегенмен жоспар бойынша бұл көрсеткіш 30% болды», деді Аида Балаева.

Айта кететіні, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске қосылған төрт жыл ішінде демеушілік қаражат есебінен 280 миллиард теңге тартылып, 7 мыңға жуық нысан салынды және реконструкцияланған. Халықты қолдау үдерісіне 143 мыңнан астам азамат тартылды. Еліміздегі қайырымдылық мәдениеті «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа серпін алып, жобаларды іске асыруға республика бойынша 13 мыңнан астам меценат қатысты.

Сонымен қатар Қазақстанның ішкі туризмін және ел тарихын насихаттауға бағытталған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Заманауи әлемдегі Қазақстан мәдениеті» сынды арнайы жобаларға мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері мен қоғам өкілдерінің қатысуымен жүздеген ауқымды іс-шара өтті. 

«Қоғамдық сананың жаңғыруына байланысты айтарлықтай оң өзгерістерді сезініп отырмыз, мұны республиканың барлық өңірлерінен мысалдар айғақтайды. Қазақстан азаматтары туған жерін дамытуға белсенді тартылған, олардың әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік өсіп жатыр. ЖОО студенттері үздік әлемдік стандарттар бойынша мемлекеттік тілде оқуға мүмкіндік алды, елдің киелі жерлеріне көбірек адамдар баратын болды», деп толықтырды ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Министрдің сөзінше, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы қоғам экологиялық жағдайды жақсартуға белсенді түрде атсалысып жатыр. Мұның өзі белгілі бір деңгейде халықтың экологиялық санасын жақсарту үшін экологиялық қозғалыстарды, акцияларды жандандыру қажеттілігін көрсетіп отыр. Соған байланысты биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жол картасына іс-шаралар мен жобалар жас ерекшеліктеріне сәйкес, бағдарламаның мазмұнын қоғамның түрлі салаларына жеткізу мақсатында әзірлену туралы шешім қабылданды.

Аталған бағдарлама ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құзырында. Министрлік қоғамдық сананы жаңғырту саласына да жауап береді. Бұл бағыттағы жұмыстар бірден жемісін көрсетпейтіні анық. Себебі руханият саласы басқамен салыстырғанда уақыт пен шыдамдылықты талап етеді. Сол себепті «Рухани жаңғыру» бағдарламасы төртінші жыл қатарынан жалғасып келеді. Қазір қоғамдық сананы жаңғырту бойынша 18 арнайы жоба жүзеге асып жатыр. Жыл басынан бері 3 миллионнан астам халықты қамтыған 13 мыңнан артық іс-шара өткізілген. Ал бұл мыңдаған жобаның әрқайсының өз аудиториясы бар. Арасында «Туған жер», «100 жаңа есім», «Киелі Қазақстан», «100 жаңа оқулық» «Еңбек – елдің мұраты», «Үнем – қоғам қуаты» жобаларын ерекше атауға болады. Бұл бағдарламаның басты мақсаты ретінде қоғамдық сананы қалыптастыру деп толық айтуға негіз бар. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы соның барлығына толық жауап беріп келеді. Ендігі кезекте мектепке дейінгі және мектеп жасындағы буынға арнап бағдарлама негізделеді, жоспар түзіледі және оқушылар басты назарға алынады.

Заман Төлеуов,

"Мәдениет порталы"

Жаңалықтар

Семейде бір үйдің 16 және 18 жасар екі жасөспірім із-түзсіз кетті. Жоғалғандарды іздеуге Семей полиц...

Жаңалықтар

Медеу ауданының прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін аны...